Көрме Жеңіс сыйлаған батырларға арналды

Көрме Жеңіс сыйлаған батырларға арналды Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы музейінде 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында жеңіс туын тіккен халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ерліктің өшпес даңқы» атты көрме ашылды.


Көрмеге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер  әскери-тарихи музейінің және Алматы музейінің қорынан алынған жәдігерлер қойылды.



Ұлы Отан соғысы батырларының фотосуреттері, құжаттары, жеке кешендері мен марапаттары  және соғыс кезіндегі қару-жарақтар көптің көзайымына айналды.



Сонымен қатар Кеңес Одағының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов және 1945 жылы Жеңіс шеруіне қатысушы, Қазақ КСР Ішкі істер министрі Андрей Георгиевич Платаевтың әскери киімдері және медальдары көрме экспозициясына қойылды.


Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері  Әскери-тарихи музейінің қызметкері Асқар Абдуалиұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Арман Қабдешұлы, жазушы, тарихшы Елена Георигевна және Ілияс Есенберлин атындағы №25 гимназия мектеп оқушылары қатысты.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55