Көрме зияткерлік меншік күніне арналды

Көрме зияткерлік меншік күніне арналды Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жылда Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер 26 сәуір - Халықаралық зияткерлік меншік күнін атап өтеді. Осылайша оның әлемнің барлық елдерінің экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуындағы рөлін көрсетеді.
 
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Халықаралық зияткерлік меншік күніне арналған «Ортақ болашақтың игілігі үшін инновациялар мен шығармашылық» атты көрме ашылды. Іс-шара музейдің  қолдауымен Әділет министрлігі, Қазақстан Суретшілер одағымен бірлесіп ұйымдастырылған.


Бұл халықаралық күн бүкіл жаһандық қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруге және зияткерлік меншіктің (IP) әлем өнерінің өркендеуіне қалай үлес қоса алатыны туралы  қоғамның ой елегінен өткізудің бірегей мүмкіндігі.  Ол адамдардың әл-ауқатының өсуін ынталандыратын технологиялық прогреске жағдай жасайды. Аталмыш көрме, сонымен қатар, креативті индустрияларды, атап айтқанда патенттерді, сауда белгілерін және авторлық құқықтарды ілгерілетудегі интеллектуалдық меншік құқықтарының рөлін көрсетеді.



«Көрмеге шығармашылық аренада белсенді жұмыс істейтін қазақстандық 37 танымал суретшінің 40-тан астам жұмысы қойылады. Әрбір автордың бірегей жұмыстары олардың күш-жігерін мойындау және марапаттау, сонымен қатар барша қоғамның игілігі үшін жасампаз идустрияның шығармашылығының нәтижелерін пайдалану мақсатында  зияткерлік меншіктің маңыздылығын көрсетеді. Зияткерлік меншік құқығы зерттеушілерге, өнертапқыштарға, кәсіпкерлерге, дизайнерлерге, шығармашылық кәсіп өкілдеріне және басқа да көптеген адамдарға өздерінің зияткерлік жұмыстарының нәтижелерін құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге және олардан экономикалық табыс алуға мүмкіндік береді», – дейді көрме жетекшісі  Айгүл Хайдарова.



Бұл көрме экспозициясы көрерменді Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, кәсіби өнер – кескіндеме, графика және мүсін саласында жұмыс істейтін: кескіндемеші К.Хайруллин, кескіндемеші-суретші Ө.Жұбаниязов, график, акварель суретшісі А.Хайрулина, график-кескіндемеші О.Есенбаев, зергер мүсінші Е.Даубаев, мүсінші М.Өскенбайдың және басқа белгілі қазақстандық суретшілер шығармашылығымен таныстырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22