Шоколад құны да шарықтады

Шоколад құны да шарықтады Сурет: Getty images

2023 жылғы қаңтар-тамыз аралығында шоколад пен қанттан әзірленетін кондитерлік өнімдер өндірісі 68,8 мың тонна болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


 Energyprom.kz келтірген деректерге сай, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 18,2%-ға артық.


Тиісті кезеңде сектордағы көрсеткіштердің өсуі екінші жыл қатарынан байқалып отыр.


Отандық кондитерлер тәтті өнімдерге деген сұранысты 47,6%-ға қамтамасыз еткен. Десек те нарықтың жартысынан астамы импорттың үлесіне тиді: 52,4%.


Биылғы қаңтар-шілдеде ішкі нарықта шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнімдерді өткізу көлемі 111,9 мың тоннаны құрады. Бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 23,2%-ға көп.


Тиісті кезеңде экспорт көлемі 5%-ға азайып, 17,8 мың тонна болды.


Биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша шоколад бір айда 0,4%-ға қымбаттады. Жылдық мәнде қымбаттау 10,8%-ды құрады.


Кондитерлік өнімдер бір жыл ішінде 13,7%-ға қымбаттады. Оның ішінде карамельдің бағасы айтарлықтай артқан: 21,1%. Мармелад бағасы бір жылда 18,2 пайызға өсті.


Шоколадпен жылтыратылмаған кәмпиттер 16,8%, сағыз 16,5%, халва 14,9%, шоколадпен жылтыратылған кәмпиттер 11,5%, зефир 11,4% қымбаттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03

12:52

12:46

12:43

12:19

12:10

12:06

11:59

11:45

11:14

10:55

10:33

10:25

22:19

19:36

19:25