Логистика саласындағы инвестициялардың ең көп көлемі – Алматыда

Логистика саласындағы инвестициялардың ең көп көлемі – Алматыда eim-engineering.ru

Логистика саласына салынған инвестиция 1 триллион теңгеден асты


Осы жылдың қаңтар-қазан айларында қойма және көлік саласына салынған инвестициялар 1,1 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 11,6%-ға артық (нақты көлемнің өсімі 8,5%-ға көп), деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


2021 жылдың ұқсас кезеңінде секторға салынған инвестиция 978 млрд теңгені құраған болатын. Бір жылда 1,9%-ға артқан.


Өңірлік бөліністе көлік-логистика секторындағы инвестициялардың ең көп көлемі – Алматыда. Онда көрсеткіш – 155,2 млрд теңге, жылдық өсім құндық мәнде бірден 45,2%-ға көбейген. Көшбасшылар үштігіне Атырау (149,5 млрд теңге, жылдық өсім 2,9 есе көп) және Алматы (111,6 млрд теңге, жылдық өсім 24,6%-ға аз) облыстары да кірді.


Саладағы инвестициялардың айтарлықтай өсімі Атырау облысында тіркелді.


Сектордағы ең көп көлемдегі инвестиция кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен қамтамасыз етілді. Көрсеткіш 614,7 млрд теңгені немесе 56,3%-ды құрайды.


Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 223,3 млрд теңгені (бір жылда 22%-ға көп), жергілікті бюджет қаражаты есебінен 114,9 млрд теңгені (бір жылда 9,3%-ға аз) құрады. Банктік емес қарыз қаражаты 50,1%-ға, яғни 102,1 млрд теңгеге дейін қысқарды. Банктік қарыздар, керісінше, 3,1 есеге, 36,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42