Мамандар: бас ауруы да кейде жантөзгісіз келеді

Мамандар: бас ауруы да кейде жантөзгісіз келеді Сурет: Dzen.ru

Бастың мұндай ауруын кластерлік деп атайды. 


Босану кезіндегі ауырсыну ең ауыр ауырсынудың бір түрінен саналады, алайда, одан да бетер жанға бататын ауырсынуды тудыратын дерт бар.


Бұл жайында Almaty-akshamy.kz Islam.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


«Роспотребнадзордың» Щелково орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының молекулярлық диагностика орталығының невропатологы Ксения Лепилова «Доктор Питер» басылымына ауырсынудың ең ауыр түрін атады.


Білікті маманның сөзіне қарағанда, он балдық шкала бойынша ең ауыр ауырсынуға жататын кластерлік бас ауруы кейде жантөзгісіз келеді – 15 минуттан 3 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Дерт меңдеген науқастың өз-өзіне қол жұмсау қатері артып кетеді. Мұндай дерттен адам көз іліндіре алмайды, не жатқызбайды, қысқасы, адам жанын қоярға жер таппайды. Көздің маңында пайда болатын дерттен адам еңсесін көтере алмай қалады, жанарынан жас ағып, көзі қызаруы мүмкін.


Кластерлік бас ауыруы өмірге қауіп төндірмейді, алайда, ол созылмалы болып келеді. Кенеттен ұстауы мүмкін. Адамды қажытатын, өмірге құлшынысын басатын аурулардың бірінен саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55