Мүлік салығын төлемегендерге ертеңнен бастап айыппұл салынады

Мүлік салығын төлемегендерге ертеңнен бастап айыппұл салынады Сурет: Legal23.ru

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.


Демалыс күніне сәйкес келгендіктен, салық төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 қазаннан 3 қазанға ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Комитет өкілдерінің айтуынша, Салық кодексінің ережесіне сәйкес, салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.



«Сондықтан, 1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салығын өтей алады. Өсімпұлды есептеу ағымдағы жылдың 4 қазанынан басталады», деп хабарлды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.



Есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында және E-salyq Azamat мобильді қосымшасында «Алдағы төлемдер» сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады.


Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін e-Salyq Azamat (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04