Президент ұлттық экономиканы артқа сүйрейтін проблемаларды жоюдың бірнеше шешімін ұсынды

Президент ұлттық экономиканы артқа сүйрейтін проблемаларды жоюдың бірнеше шешімін ұсынды Cурет: Almaty-akshamy.kz

Жолдауды қолдау.


Философия, саясаттану және дінтану институты саяси зерттеулер орталығы директорының орынбасары Нұркен Айтымбетов ұлттық экономиканы алға жылжытпайтын мәселелерді атап өтті. Оның айтуынша, Президент өзінің Жолдауында бұл мәселелерді шешу жолдарын көрсетіп кеткен.  



«Мына реформаның бірінші тізімін жаңа экономикалық саясат деп атауы тегіннен-тегін емес. Президенттің айтуы бойынша, жалпы экономиканы артқа сүйрейтін бірнеше факторлар бар. Нақты айтар болсақ, ол - шикізатқа тәуелділік, сонымен қатар, цифрландыру саласының әлі де толықтай іске аспауы, салық саласының анық, нақты еместігі. Осындай ұлттық экономиканы артқа сүйрейтін проблемаларды жою үшін Президент өзінің бірнеше шешімін ұсынды. Ол - адам капиталын дамыту, цифровизация саласында автоматизацияны күшейту, барлық салаға алдыңғы қатарлы цифрлы технологияларды енгізу. Өйткені бұл дегеніміз табысты бөлудің ашықтығын, әділдігін қамтамасыз етеді», - дейді Философия, саясаттану және дінтану институты саяси зерттеулер орталығы директорының орынбасары Нұркен Айтымбетов. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55