QR кодпен Қытайда да төлем жасауға болады

QR кодпен Қытайда да төлем жасауға болады Сурет: интернеттен

Қытайға барған қазақстандықтар енді қолма-қол ақша немесе карта алып жүрмесе де болады.


Себебі Қытай аумағындағы дүкендер, кафелер, такси және басқа да 80 миллионнан астам сауда, қызмет көрсету нүктелерінде Kaspi.kz қосымшасындағы QR код арқылы төлем жасауға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



"Көптеген қазақстандық Қытайда жұмыс істейді, оқиды және демалады. Біз сүйікті тұтынушыларымыздан шетелде төлем жасау өз еліміздегідей оңай болса деген пікірді жиі аламыз. Сондықтан біз AliPay+ компаниясымен серіктестік орнатып, әрбір қазақстандық үшін жаңа қызметті іске қостық. Енді Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының көмегімен Қытайдың түкпір-түкпіріндегі сауда нүктелерінде кез келген тауар ақысын төлеуге болады. Біз серіктесіміз AliPay+ серіктестігі үшін, ал сүйікті клиенттерімізге - бізбен бірге болғаны үшін алғыс айтамыз!" деді Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08