Рақымжан Қошқарбаевтың атына мектеп берілді

Рақымжан Қошқарбаевтың атына мектеп берілді Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Елордадағы №44 орта мектеп, енді Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтің есімімен аталады. Бұйрық 5-ші ақпан күні шыққан. Алайда салтанатты шара ресми түрде жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен жалғыз қазақ батырының ерлігі, өскелең ұрпаққа өнеге дейді мектеп директоры. Салтанатты шараға қаланың білім бөлімінің мамандары мен қала әкімдігі, әскери сала мамандары қатысты.


Ләззат Құлтаева, мектеп директоры:


Оқушыларымыз іс-шараларға қатысып, түрлі байқауларға әскери патриоттық спорт ойындарына қатысып, жақсы орындар жеңіп алуда. Сондықтан, бұл есімді бекер алған жоқпыз деп ойлаймын. Бұл біздің елдің алға қойған басты мақсаты деп түсінемін. Ең басты отансүйгіштік. 

Маржан Нұрмағанбетова, Рақымжан Қошқарбаевтың немере қарындасы:


Рақымжан ағатайымның немере қарындасымын. Ол кісінің қарындасы қолымда тұрады. Бүгінгі өтіп жатқан шара өте қуаныштымын. 44 мектеп ағатайымның атына беріліп жатыр. Сексен бір жыл болды ғой соғыс көрмегелі көрмей ақ қояйық, ағатайымның ерлігі, басқа 55 млн адам өлді. Біздің тыныштығымыз үшін. Артымыздан қалған балалар ұмытпасын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55