Елімізде қанша бала спорт мектептеріне барады?

Елімізде қанша бала спорт мектептеріне барады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Туризм және спорт министрлігі дарынды және болашағынан көп үміт күттіретін спортшыларға қолдау көрсетіп, спорт резервін дайындау үшін қолайлы жағдайлар жасауда, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтері бекітілген. Нормативтерге сәйкес республикалық маңызы бар қалаларда 55-165 мың адамға арналған 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, облыстарда 20-50 мың адамға 1 БЖСМ, облыстың әрбір ауданында кемінде 1 БЖСМ болуы тиіс. Статистикалық деректерге сәйкес, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны 27,3% (984 мың адам) жетті. Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша республикада 510 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 404 035 бала жаттығады. 2022 жылмен салыстырғанда мектептер саны 23-ке, ал оқушылар саны 13 371 адамға артқан. Балаларды спорт мектептерінде секцияларымен қамту бойынша Павлодар (20,7%), Жетісу (17,6%) және Солтүстік Қазақстан облысы (18,4) көшбасшы саналады.

«Өткен жылдары БЖСМ олимпиадалық емес спорт түрлеріне көп көңіл бөліп келді. Бірақ жыл басынан бері көптеген өңір олимпиадалық түрлерге басымдық бере бастады. Елімізде медальға үміт көп «тірек» және медальді көп әкелетін спорт түрлерін дамытуға назар аудару керек», - деді Ермек Маржықпаев.