Сот әлеуметтік желіде Бишімбаев ісі туралы пікір білдіруге тыйым салды

Сот әлеуметтік желіде Бишімбаев ісі туралы пікір білдіруге тыйым салды Сурет: Egemen.kz

Сот экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіндегі тараптарға әлеуметтік желіде пікір білдіруге тыйым салды.



Мемлекеттік айыптаушы тараптан прокурор Айжан Аймағанова алқабилер сотының пікіріне әлеуметтік желі арқылы әсер ету қатері бар екенін айтып, осындай шара қолдануды ұсынған болатын. Сот ол ұсынысты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




«Процеске қатысушыларға айтарым, сот отырыстарынан кейін БАҚ-та айтқан сөздеріңіз сотқа қысым көрсету ретінде бағалануы мүмкін. Осыған байланысты процеске қатысушылардың бәріне ондай әрекеттерден аулақ болуға кеңес беремін. Өз құқықтарыңызды сот отырысы өтіп жатқан залда іске асырыңыздар. Өйткені, сот отырысынан тыс әрекеттер отырыстағы алқабилердің пікіріне әсер етуі мүмкін және қылмыстық істі обьективті қарауға кесірін тигізуі мүмкін. Осыған байланысты айыптаушы тараптың ұсынысын қанағаттандыру қажет деп есептеймін», - деді судья Айжан Құлбаева.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04