Тасбақа-қала

Тасбақа-қала

Таяу жылдары Сауд Арабиясында су үстінде жүзіп жүрген тасбақаға ұқсас үлкен шаһар, яғни яхта пайда болатын көрінеді.


Ол қаланың аты да белгілі – «Пангеос» (Pangeos) деп аталмақ. Мұхит үстінде үстемдік құратын тасбақа-қала бақандай 8 млрд дол­ларға тұрғызылмақ. Оған 60 000 адамға дейін сыйып кетеді. Ішінде адам жанына керектінің бәрі табылмақ. Тамақ та ішесіз, сүйіктіңіз­бен отырып кофе де ұрттайсыз, киім-кешек дүкендерін аралайсыз, кітапханаға, кинотеатрға да барасыз, бақта серуендейсіз дегендей.


«Пангеос» құрылысы аяқталған күні ол жаһандағы жүзгіш біре­гей, жалғыз нысан болмақ. Оның ұзындығы 550 метр, ал ені тасба­қаның қанатын есепке алғанда 610 метр болмақ. Ерекше нысанды тұрғызуды қолға алған мамандар сегіз жылда қолданысқа береміз деп сенімді айтып отыр.


Әрқайсысының күші 16 800 л.с. болатын 9 HTS қозғалтқышы­мен жұмыс істейтін «Пангеос» қуатты мұхит толқындарынан және күн көзін қабылдайтын панельдермен жабылған шатырдан алатын көрінеді. Иә, бүгінде адам баласының қолынан келмейтін нәрсе қал­май бара жатқан сияқты.


Нұр ЖАМАЛ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39