Тасқыннан жыл сайын жаһандық экономикаға қанша шығын келеді?

Тасқыннан жыл сайын жаһандық экономикаға қанша шығын келеді? Сурет: Islam.kz

Әлемде 1,5 миллиард адамға, яғни, дүниежүзі халқының бестен бір бөлігіне су басу қаупі төніп тұр.


Ал су тасқынынан жыл сайын жаһандық экономикаға 50 миллиард доллар шығын келеді. Бұл – ағылшын ғалымдарының «Нейча» журналында жариялаған деректері, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Мамандар кейінгі жылдары климаттың өзгеруі салдарынан табиғат апаты жиілей түскенін айтады. Былтыр тасқын көп елді әлекке салған. Мысалы, өткен жылы көктемде Италияда кейінгі 100 жылдағы ең алапат су тасқыны болды. 20 мың адам баспанасыз қалды. Жазда Бейжіңде рекордтық мөлшерде жаңбыр жауып, 31 мың тұрғын эвакуацияланды. Ал күзде Африканың солтүстігіндегі Ливияда алапат тасқыннан 1 миллион адам зардап шекті. Табиғат апатынан мемлекетке 71 миллион доллар шығын келген.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55