Tech Cup Almaty робототехника және дрондар бойынша IX ашық чемпионаты өтеді

Tech Cup Almaty робототехника және дрондар бойынша IX ашық чемпионаты өтеді
Сурет: Gov.kz

11-12 желтоқсанда "Атакент" көрме орталығында Tech Cup Almaty робототехника және дрондар бойынша IX ашық чемпионаты өтеді.

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 6-22 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер қатысады. Жарысқа 2500-ден астам оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінен де қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жас өнертапқыштар роботтар мен дрондармен ойынында жарысып қана қоймай, «өнердегі ғылыми инновациялар» тақырыбында өздерінің инновациялық жобаларын ұсынады.

Чемпионат аясында барлық қатысушылар үшін шеберлік сыныптары, оқушылар арасынан стартап-кәсіпкерлер аллеясы, жетекші IT-компаниялар спикерлерінің және Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының семинарлары жоспарланған. Сондай-ақ павильон аумағында Дүниежүзілік Код сағаты өтеді.

Жеңімпаз командалар: Үндістан, Индонезия, Түркия чемпионаттарына қатысуға лицензиялармен, 10 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтармен, ҚБТУ, Тұран, Satpayev және SDU университеттеріне гранттармен марапатталады.