Теңге неден нығайды?

Теңге неден нығайды? Сурет: интернеттен

Ұлттық банк оның себебін айтты.


Биыл сәуірде теңге бағамы 1,1 пайызға, яғни 1 АҚШ доллары үшін 442,05 теңгеге дейін нығайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Осыған орай сарапшылар теңге-доллар жұбындағы мұндай өзгерістің неге байланысты екендігін айтты.


Ұлттық банк деректеріне сәйкес, сәуірдегі сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,1 млрд АҚШ доллары болды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін сәуірде 1 056 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 21 пайызынын және күніне 48 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады.



"Ұлттық банк сәуірде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30 пайыз деңгейінде ұстап тұру мақсатында биржадағы сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 500 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 10 пайызын құрады", - деп хабарлады Ұлттық банк.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37