Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 17-орынға көтерілді

Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 17-орынға көтерілді Сурет: Inform.kz

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, ел құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 18-ден 17-орынға көтерілді.


Сондай-ақ Юлия Путинцева 44-тен 40-сатыға жоғарылады.


Зарина Дияс 116-дан 134-ке сырғыды.


Жұптық сында Анна Данилина 20-сыншы, Жібек Құламбаева 302-інші, Гөзал Айнитдинова 423-орында тұр.


Бүгін Ю.Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 85-ракеткасы, словениялық Кайя Йуванмен ойнайды.


Е.Рыбакина осы додада ертең дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған ресейлік Элина Аванесянмен шеберлік байқасады.


Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингіде 33-тен 41-ге төмендеді.


Михаил Кукушкин 165-тен 163-ке көтерілді.


Дмитрий Попко 182-інші, Тимофей Скатов 193-інші, Денис Евсеев 337-інші, Бейбіт Жукаев 490-сатыда келеді.


Жұптық сында Андрей Голубев 25-інші, Александр Недовесов 60-орында қалса, Григорий Ломакин 249-сатыға жайғасты.


А.Бублик Рим мастерс жарысында бүгін әлемнің 59-ракеткасы, америкалық Маркос Хиронмен шеберлік байқасады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09