Төрехан Сабырхан Азия чемпионы атанды

Төрехан Сабырхан Азия чемпионы атанды Сурет: Төрехан Сабырханның Instagram-парақшасынан

Ол осымен төртінші рет құрлық чемпионы болып отыр


Астанада өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында 67 келіде өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан финалда өзбек боксшысын жеңді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Түркістандық боксшы ақтық сында Өзбекстаннан келген Мухаммадазизбек Исмоиловпен жұдырықтасқан. Үш раундтың нәтижесінде төрешілер жеңісті бір ауыздан Төрехан Сабырханға берді. Осы ретте айта кету керек, үшінші раундта қазақ боксшысы өзбек қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.


Төрехан Сабырхан Азия чемпионатын осымен төртінші рет жеңіп отыр. Бұған дейін ол жастар арасында да, жасөспірімдер арасында да құрлық чемпионы болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55