Тұрсынбайға Хайтон төтеп бере алмады

Тұрсынбайға Хайтон төтеп бере алмады Сурет: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (6-1, 4 КО) Хайтон қаласында (Англия) өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.



Ол польшалық Роберт Таларекпен (28-24-3, 19 КО) жекпе-жек өткізді. Орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда белгіленген уақытқа созылмады: төртінші раундта Құлахмет тарапынан жасалған мықты соққыдан кейін поляк орнынан тұра алмай қалды.


Осылайша, Тұрсынбай Құлахмет мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізсе, Роберт Таларек 25-ші жеңілісіне ұшырады. Құлахмет үшін бұл 2021 жылдың қазан айында доминикандық Хуан Карлос Абреуден (26-7-1, 24 КО) ауыр нокаутпен жеңілгеннен кейінгі үшінші жекпе-жек болды. Осы жеңілістен кейін ол колумбиялық Хоэль Хулио (39-20, 33 КО) мен француз Фуад Эль Массудиді (18-22-1, 2 КО) жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04