ТЖ министрлігінде ауа райының нашарлауына байланысты жедел штаб құрылды

ТЖ министрлігінде ауа райының нашарлауына байланысты жедел штаб құрылды Сурет: Usionline.com

"Жедел желі" жұмыс істейді.


ТЖМ ахуалдық орталығында жедел ден қою және ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін республикалық жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Штаб республикалық азаматтық қорғау қызметтерімен тығыз жұмыс жүргізуде. Бірқатар облыстарда да осындай штабтар жұмыс жасауда.


Азаматтардың төтенше жағдайлар мәселелері бойынша жүгінуі үшін ТЖМ жедел желісі жұмыс істейді 8 (7172) 53 32 84


Барлық жабық жол учаскелерінде ТЖД, ПД және жол қызметі қызметкерлерінен посттар қойылды. Автомобиль жолдарына (дәмхана, қонақ үй) жақын орналасқан жылыту пункттері дайындалып, іске қосылды.


Алматы қаласында, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында қатты дауылдың салдарынан шатырлар мен ағаштар құлаған, сондай-ақ электр жарығы өшкен. Зардап шеккен және қайтыс болғандар туралы ақпарат түскен жоқ.


«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ дерегі бойынша, қатты бораннан жолдың көрінбеуі себепті Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы автожолдардың 45 учаскесінде (24 республикалық және 21 облыстық маңызы бар) жолдар жабылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09