Ұлттық мүдде бәрімізге ортақ

Ұлттық мүдде бәрімізге ортақ Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының мектептері арасында «Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу – оқушыларға маңызды фактор ретінде құндылықты қалыптастыру»тақырыбында семинар өтті.


 «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында өткен семинар Түрксіб ауданындағы №142 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылды. Оған 100-ден астам мектеп директоры, әдіскерлер, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.



Басты мақсаты – қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау, оқушыларды жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру үшін жағдай жасау.





«Қалалық семинар «Алматы – біздің ортақ үйіміз» айлығына арналады.  Қалалық әдістемелік орталық мамандары, сегіз аудандағы мектептердің басшылары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар қатысып отыр. Іс-шарамыздың маңызды тақырыбы – экология. Бастауыш сынып мұғалімдері мен 5–11-сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері ұйымдастырды. Бұл қалалық семинарға 100-ге жуық оқушы қатысып, өнер көрсетті. Акция аясында оқушылардың қолөнерін жинақтап, көрме ұйымдастырдық. Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығынан жоспар бойынша осындай семинарды біздің мектепте өткізу жөнінде ұсыныс түсті. Қоршаған ортаға қамқорлық жасап, қорғау – әр адамның азаматтық міндеті деп ойлаймыз», – деді №142 жалпы білім беретін мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлшат Ерболатқызы.  


«Алматы қаласы мектептерінде түрлі экологиялық іс-шаралар өтіп жатыр. Біздің мектепте де жалпықалалық науқан шеңберінде семинар өтті. Ұлттық мүдде – қоғамға қажетті құндылық. Наурызбай, Алатау, Медеу және өзіміздің Түрксіб ауданынан әріптестеріміз қатысып, экология мен науқан туралы мол мағұлмат алды. Оқушылар, ата-аналар және ұстаздар – осы үштік одақ атсалысқан ауқымды шара ойдағыдай өтті деп ойлаймын. Туған қаламызды таза ұстауға, экологиямызды қорғауға үлес қоссақ деген мақсатымыз болды.  Балаға экологиялық білім мен тәрбие жайлы ұғымды ата-анамен қатар, ұстаз да түсіндіре білуі керек. Қоршаған ортасын таза ұстаған оқушыда жауапкершілік, адамгершілік және ізгілік қасиеттері болады», - деді №142 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арай Туханова. 


 



 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37