Зағиптарға арналған кітапханалар қоры көбейеді

Зағиптарға арналған кітапханалар қоры көбейеді Сурет: Sb.by

Бұл шара министрлік атқаратын ұлттық жобаның «Ел рухы» II бағыты аясында жүзеге асады.


ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтің айтуынша, зағип және көзі нашар көретіндерге арналған кітапханалар қоры ұлғайтылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл бағыттағы жұмыс еліміздегі мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тең қолжетімділікті қалыптастыру және олардың әлеуетін іске асыру мақсатында 2025 жылға дейінгі кезеңді қарастырады.


Осы бағыттағы жұмыстар еліміздегі зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалармен бірлесе жүргізіледі. Аталған кітапхана оқырмандарының негізгі ақпарат көзі - бедерлі-нүктелі шрифт, яғни Брайль қарпіндегі кітаптар.


Бұл ретте министрліктің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік жоспарында жыл сайын зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға брайль принтері мен брайльдің портативті тактильді дисплейлерін, материалдық емес активтерді сатып алу үшін және кітапхана қорын толықтыруға тиісті қаражат қарастырылған.





 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59