Жанқош Тұраров пен Сұлтан Зауырбек WBA рейтингінде төмендеді

Жанқош Тұраров пен Сұлтан Зауырбек WBA рейтингінде төмендеді Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) өз рейтингін жаңартты. Тізімдегі қазақ спортшыларының үшеуі позициясын жоғалтқан деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Атап айтқанда, орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров алтыдан жетінші сатыға төмендеді. Соңғы жекпе-жегін жерлесіміз былтыр желтоқсан айында Алматыда өткізіп, жапон боксшысы Акихиро Кондоны жеңген болатын. Содан бері ол рингке шыққан жоқ.


Сондай-ақ, алғашқы жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр Жүкембаев та 11-ден 12-ші орынға төмендеген. Ол да соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда АҚШ-та өткізіп, төрешілер шешімімен француз боксшысы Мохамед Мимунды жеңген еді. 


Головкиннің ізбасары атанып кеткен Сұлтан Зауырбектің де рейтингтегі жағдайы мәз емес. Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін «Қазақ королі» төрттен бесінші орынға жылжыды. Сұлтан соңғы жекпе-жегін биыл наурызда Англияда колумбиялық боксшы Виктор Хулиоға қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.


Бұдан бөлек, Иван Дычко 15-орнын, Бек Нұрмағанбет 10-орнын сақтап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24