Жас әскери ұшқыштар Балқашта жаттығып жатыр

Жас әскери ұшқыштар Балқашта жаттығып жатыр Сурет: Gov.kz

Тәжірибелер 2022 жылғы мамырдың соңына дейін жалғасады. 


Қазақстанның жас әскери ұшқыштары Балқаш оқу-авиациялық орталығында жаттығу ұшуларын орындайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан әскерінің кадрлық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының төртінші курс курсанттары Балқаш оқу-авиациялық орталығында жаттығу ұшуларын орындайды», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Майдан авиациясының болашақ ұшқыштары бұл жолы 2021 жылғы наурызда оқу-авиациялық орталыққа әкелінген Aero L-39 Albatros ұшақтарының жаңартылған нұсқасында дайындалатын болады. 


Курсанттар тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен ұшу, биіктікті бағындыру, 300 км/сағ жылдамдықпен шеңбер жасап ұшу және қону сияқты ұшу техникаларын меңгереді.



«Ұшақтың бұл түрімен дайындық кезінде тәжірибесі мол ұшқыш-нұсқаушылар теориялық білімдерімізді ұшу дағдыларына жетілдіруге көмектеседі. Ұшу элементтерін өз бетінше орындау өз қабілетімізге деген сенімділікті арттырып, болашақта жетістіктерге жетуге ынталандырады», – деп атап өтті 4 курс курсанты Диас Шәменов.



Курсанттар әскери тағылымдама кезеңінде іс жүзінде ұшуды орындаудан өзге ұшу жұмысын реттейтін құжаттарды, ерекше жағдайдағы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтарды зерделейді.


Мұндай ұшу тәжірибесі жоғары оқу орнын бітірушілерді оқытудың маңызды кезеңі болып табылады. Сондай-ақ, бұл тәжірибелер 2022 жылғы мамырдың соңына дейін жалғасады. Әскери оқу орнын бітірген кезде жас әскери ұшқыштардың ұшу тәжірибесі 80 сағаттан асатын болады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09