Жастарға жұмыс табылады

Жастарға жұмыс табылады Cурет: Олжас Жолдыбай

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Бостандық ауданында "Career Day" бос орындар жәрмеңкесі өтті.


"Career Day" - бұл үздік компаниялар өздерінің бос жұмыс орындары мен дарынды мамандар үшін мүмкіндіктерін ұсынатын алаң, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Іс-шараға IT, қаржы, білім беру және т.б әртүрлі саладағы жетекші компаниялар атсалысты. Қатысушылар арасында бос жұмыс орындарын ұсынуға дайын ірі корпорациялар да, перспективалы стартаптар да болды.




«Қала, аудан жастарына арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ауданымыздың әлеуеті жоғары. Ірі кәсіпорындар, көптеген жұмыс орындары да осында. Сондықтан екі қолға бір күрек табалады. Игі істер көп болсын», - деді Бостандық ауданы әкімі орынбасары Сәкен Аралбаев.



Сонымен қатар еңбек істеуге көптеген ниетті жастар шоғыры байқалады. Олар өмірден өз жолын тауып, үлкен мақсаттарға ұмтылатынын жеткізді.




«Біз жаспыз. Болашаққа жоспарлаған біраз істер бар. Ендігі кезекте ойлаған шаруаны істеп, нәтижеге жетсек деп талпынып жүрміз», - деді жас маман Аңсар Ерген.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04