Жетісу ауданында 57,9 км коммуналдық желілерді реконструкциялау аяқталып келеді

Жетісу ауданында 57,9 км коммуналдық желілерді реконструкциялау аяқталып келеді Сурет: КазТАГ

Ауданның инженерлік желілерін жаңғырту негізгі мәселенің бірі болып отыр.


Тұрғындармен кездесуде Ерболат Досаев тұрғындардың өтініші бойынша Құлагер шағын ауданындағы жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау жұмыстарын тездету туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Әкімнің айтуынша, 1,7 км желіні жаңғырту қазан айының соңында аяқталды.


Құбырлар жер астына ауыстырылды, асфальт қалпына келтірілді, ескі жерүсті құбырлары бөлшектеп алынды. Қазыбаев көшесі, Рысқұлов даңғылы, Тәтібеков көшесі, Райымбек даңғылы бөлігіндегі ұзындығы 57,9 км сумен қамту желілерін реконструкциялау және кәріз салу жұмыстары аяқталып келеді.



«Тамыз айында Палладин – Павлодар – Сельская – Боралдай көшелері мен Кемел шағын ауданында 40 км ескірген желілерді реконструкциялау жұмыстары басталды. Қазірдің өзінде 800 тірек орнатылып, 15,8 км кабель тартылды. Бұл көшелердегі жұмыстар жыл соңына дейін, Кемел шағын ауданындағы жұмыстар 2023 жылдың сәуір айында аяқталады. Бұл 4000-нан астам абонентті үздіксіз электрмен қамтамасыз етеді. Жыл соңына дейін Жетісу ауданының 76 көшесінде сыртқы жарықтандыру жұмыстары аяқталады», деді қала басшысы Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде.



 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59