Жыл басынан бері экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды

Жыл басынан бері экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды Сурет: Polisia.kz

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары экологиялық заңнаманы бұзудың 7 мыңнан астам фактісін анықтады.


Бұл туралы ІІМ брифингінде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Заңсыз айналымнан тыйым салынған 15 мың метрден астам балық аулау торлары, 9 тонна балық және балық өнімдері, шамамен 3,5 мың ақбөкен мүйізі, 135 аңшы мылтығы, 81 текше метр заңсыз кесілген ағаштар тәркіленді. Балық өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында Жайық-Каспий бассейні аумағында “Бекіре” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.



«Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында бір үйде тінту жүргізу барысында жалпы салмағы 72 кг болатын 13 дана бекіре балығы тәркіленді. Атырау облысында Жайық жағалауын патрульдеу кезінде күдіктілерден 6 қапшыққа салынған 30 дана бекіре және сазан балықтары табылып, “Бекіре тұқымдас балықты өсіру зауытына” тапсырылды», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.



Сонымен қатар қазір республика көлемінде халықтан заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы жүргізіліп жатыр. Акция басталғалы бері ішкі істер органдарына азаматтар тарапынан 422 атыс қаруы тапсырылды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04