Отандық бизнесті қолдау керек

Отандық бизнесті қолдау керек Сурет: ашық дереккөз

Болат МҰСАҚАЖЫҰЛЫ, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары:



- Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. 
Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау халыққа ерекше екпін берді деген сенімдемін. Маңызды құжатта мемлекетті нығайту, азаматтардың құқығын қамтамасыз ету, ел экономикасын дамыту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау мәселелерінің маңыздылығы айтылды.
Еліміздің жастары – елдің басты байлығы. Президент өз жолдауында алдағы уақытта өскелең ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз етіп, барлық жағынан қолдау көрсету маңызды екеніне тоқталды. Бұл ретте "Оқу орындары түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнатуы қажет. Экономиканың басымдықтарына, аймақтың және саланың ерекшеліктеріне байланысты тиімді қаржыландыру тәсілдері керек" делінген Жолдауда.
Жалпы Президент Жолдауының басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналған. Әрбір жолдау Қазақстанның қарқынды дамуы үшін маңызы зор. Онда еліміздің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылған.
Біздер Президентіміздің Жолдауын қолдап, өз тарапымыздан жұмыла іске кірісетінімізді баса айтқым келеді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09