Жүк көлігі оқушыларды қағып кетті

Жүк көлігі оқушыларды қағып кетті Сурет: видеодан алынды

Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті. Қайғылы оқиғадан кейін зардап шеккендер саны артты. Бұл туралы Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kg-ке сілтеме жасап


Қайғылы оқиға мәдени шара кезінде болған. Мектеп оқушылары "Манас" дастанынан үзінді оқып, қойылым көрсетіп жатқан. Сол кезде "Портер" жүк көлігі төменге қарай жүріп кетіп, балаларды қағып өте шыққан. 


Ақпарат порталының мәліметінше, зардап шеккендердің саны 32 адам болды. Олар балалар мен бір мұғалім.


Мектеп оқушыларын соғып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол 48 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.


Оқиға орнына Ішкі істер министрі Ұланбек Ниязбеков барып, іс оның жеке бақылауында болатынын жеткізген.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37