Қытайда коронавирусқа қарсы вакцинаны 80 млн-нан астам бала алған

Қытайда коронавирусқа қарсы вакцинаны 80 млн-нан астам бала алған Cурет: china.org

Медициналық қарсы көрсеткіші жоқ 3 пен 11 жас аралығындағы барлық балаға жыл соңына дейін вакцина салынады


Қытайда 3 пен 11 жас аралығындағы 84,4 млн балаға коронавирусқа қарсы вакцина салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.


ҚХР-ның Денс аулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы балалар арасында вакцина салу ісін белсендіре түсетіндерін мәлімдеді. 3 пен 11 жас аралығындағы медициналық қарсы көрсеткіші жоқ балалардың барлығы жыл соңына дейін вакцинаны алып бітуі керек. 


Университет, орта және бастауыш мектептерде вакцина салу екпіні Бірыңғай ұлттық жоспарға сай күшейтілген. Оған қоса 18 жастан асқан білім алушылардың 95%-ы вакцина алып болған. 


12 қараша күнгі жағдай бойынша бүкіл Қытайда вакцинаның  2,37 млрд дозасын жүзеге асыруға жіберілген. Алайда, осы уақытқа дейін 1,074 млрд адам вакцина алып үлгерген.


Айта кетсек, қарашаның басында АҚШ 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға вакцина салуды бекіткен. Болжам бойынша балаларға вакцина салу вирустың тасымалдануын төмендетеді. 


Сондай-ақ, Коста-Рика әлем бойынша бірінші болып 5 жастан асқан балаларға вакцина салуды міндеттеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50