Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл! Грузияға ұшып кеткен соң хабарсыз кеткен Ақтаулық 20 жастағы жігіт іздестірілуде

08:50, 25 тамыз 2025 604

Ақтаудан түнгі рейспен Грузияға аттанған жас жігіт жолға шыққаннан кейін байланысқа шықпай қалған, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

 “Lider.kz” іздеу-құтқару еріктілері 20 жастағы Данияр Жақсылықты іздестіруде. Туыстары онымен 18 тамыз, дүйсенбі күні байланысын жоғалтқан. Белгілі болғандай, ол әуежайдан Тбилисиге түнгі рейспен ұшып шыққан. Шекарадан өткені анықталғанымен, одан кейін хабарсыз кеткен.

Белгілері: бойы – 175 сантиметр, орта денелі.

Жақындары мен туыстары көпшіліктен көмек сұрайды.

Кімде-кім Данияр Жақсылықтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсе +7 (700) 499-7292 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуы сұралады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар