Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Оқушылар 3 жылдан бері кафе мен әкімдік ғимаратында оқып жүр" - Мәжіліс депутаты дабыл қақты

12:14, 04 қыркүйек 2025 174

Мәжіліс депутаты Максим Рожин ауылдағы мектептің құрылыс жұмыстарының созылып кеткенін сынға алды. Оның айтуынша, күрделі жөндеу үш жылдан бері аяқталмағандықтан, оқушылар сабаққа ауылдағы кафе, әкімшілік ғимарат және мәдениет үйіне барып жүр, деп жазады Alash.KZ.

Депутат мәселенің басты себебі – мердігер компанияның өз міндетін орындамауында екенін айтты.

«Мердігер анықталған соң жұмысын дұрыс атқармаған. Оны сотқа берді. Сот процесі жүріп жатқанда жаңа компанияға тапсыру мүмкін болмады. Соның салдарынан мектеп қаңырап бос қалды», - деді ол.

Рожиннің сөзінше, ауыл мен қала баласының теңдей білім алуы тек қағаз жүзінде қалып отыр. Сондықтан жауапсыз мердігерлерді қорғаудың орнына, ең алдымен балалардың құқығы мен сапалы білім алуына жағдай жасалуы тиіс.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар