Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тоқаев 2026 жылы БҰҰ бас хатшысы болуы мүмкін" – Петр Своик ерекше мәлімдеме жасады

14:09, 04 қыркүйек 2025 324
 

Sputnik Қазақстан алаңында өткен Астана-Мәскеу бейнекөпірі барысында қоғам қайраткері Петр Своик 2026 жылғы сайлаудан кейін Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы болуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Alash.KZ сайты Sadaq.kz нысанасына сүйеніп.

"Тоқаев – барлық дәуірдегі ең жоғары лауазымды қазақ. Мен бас тарту өте қиын болатын ұсыныс Бейжіңде жасалады немесе жасалып қойған деп ойлаймын", - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, саяси салмағы бар Қазақстан басшысының кандидатурасы барлығының, соның ішінде батыс елдерінің де оң жамбасына келеді. 

Айта кетейік, Қазақстан басшысы ұзақ уақыт БҰҰ құрылымдарында жұмыс істеген, тіпті бас хатшының бірінші орынбасары қызметін де атқарды.

Сондықтан Тоқаевтың БҰҰ-да реформа жүргізу қажеттігін әртүрлі мінберлерден айтуы таңданарлық емес.

Петр Своик әңгімені алдағы жолдауға бұрып, президент барлық мәселені қамтитынын атап өтті.

Атап айтқанда, елде бюджетке қатысты күрделі проблема бар және бұл мәселені қосымша құн салығын өсіру есебінен шешуге ұмтылу бизнеске қатты қысым жасайды. Сондықтан бизнес жаңа салықтарды төлемей, жалтаруға мәжбүр болады.

"Ал біздің ішкі нарықтың басты проблемасы - халықтың төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі. Қосымша құн салығын көтеру дәл осы төлем қабілеттілігіне қосымша салық болады. Яғни, ел ішінде проблема жинақтала береді. Әрине, президент бұл туралы өткір айтпайды, бірақ ол міндетті түрде қозғап өтеді", - деп есептейді Своик.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар