Астанада балалар алаңында адам шошырлық жағдай болды. 6 жасар бала футбол алаңында жанжал кезінде қыз балаға пышақ кезенді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Azattyq Ruhy сайтының хабарлауынша, желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады. Кадрлардан балалардың қатты шошынғаны байқалады. Дегенмен, баланың қатарластары қайғылы жағдайдың алдын алды.
Астана қаласы Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, кәмелетке толмаған баламен оның заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Онда мұндай әрекеттердің жол берілмейтіні, абай болу және қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігі түсіндірілді.
«Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамағаны үшін оның заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген полиция хабарламасында.