Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қымбатшылықтан соншалықты қиналған халықты көрмедім” - Мәжіліс депутаты шулы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

12:53, 02 қыркүйек 2025 1382

“Қымбатшылықтан соншалықты қиналған халықты көрмедім”. Бұл пікірді Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Қымбатшылықтан соншалықты қиналған халықты көрмедім. Әрине, қымбатшылық туралы әңгіме қай жерде болсын бар. Бірақ мен Шығыс Қазақстанда, Семейде, Алматы облысында болдым. Біраз жерде болдым. Сондай қатты бір қиыншылыққа тап болған халықты көрген жоқпын. 1 қыркүйекке балаларына киім ала алмай отырған жекелеген отбасылар бар екен. Оларға аз да болса да көмек көрсету бойынша әрекет жасадық”, - деп жауап берді депутат журналистердің сауалына.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар