Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» командасының қақпашысы, қазақ футболының жаңа қаһарманы Темірлан Анарбеков ұлттық құрамаға қайта оралғанын мәлімдеп, өзіне қолдау көрсеткен отандастарына алғысын білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Ұлттық құраманың сапына шақырылмағаныма қуаныштымын. Соңғы рет Түркияда өткен оқу-жаттығу жиынына қатысқан едім. Енді қайтадан шақырту алдым. Өткен ойынды ұмытып, бар ойымыз ұлттық құрамада болу керек.
Алла қаласа жеңіске жетеміз деп ойлаймын. Қазір жаттығуларға қатысып жатырмыз. Біз дайынбыз деп есептеймін. Құрамаға тыңғылықты дайындалуымыз керек. Ол ойын (Чемпиондар лигасында «Селтикке» қарсы жауапты матч) тарихқа енді. Алла қаласа ұлттық құрамамен де тарихта қаламыз деп сенемін.
«Селтикке» қарсы ойындағы жеңісте тек менің емес, бүкіл команданың еңбегі жатыр. Маған сенім артқан бапкерлік құрам мен басшылыққа алғыс айтамын. Көңіл-күйім көтеріліп, құрама сапында жақсы ойын көрсетуге дайын боламын деп ойлаймын, – деді Темірлан Анарбеков.