Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Экс-саясаткер қазір қайда жүр?”: Шұғыл! Бауыржан Байбектің қарындасы бар шындықты айтты

19:57, 02 қыркүйек 2025 1022

Көптен бері көрінбей кеткен Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің қазір немен айналысып жүргені белгілі болды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Экс-саясаткердің қарындасы Айгүл Байбек Nege.Aqsha телеграм-арнасына эксклюзив сұхбат беріп, ағасының саясаттан біржола кетіп, шетелде қызмет етіп жүргенін айтты.

«Мемлекеттік және қоғамдық қызметтен бос адам ретінде ол екі жылдан астам уақыт Біріккен Араб Әмірліктерінде білім алып, жұмыс істеді. Сол жерде Қазақстандағы жобаларға шетелдік инвестиция тартумен айналысты. Соңғы бір жарым жыл бойы Жапонияда жұмыс істеп жүр. Ол жақта жапон капиталы мен ноу-хауын елімізге тарту үшін инновациялық жобаларды дамытып жатыр.

2022 жылдың наурыз айынан бастап «онлайн» режимде жұмыс істеп, Ақмола облысында ең озық неміс технологиясын қолданып, сала құрайтын өңдеуші өндірісті құруға инвестиция салып жатқан Qazaq Kaolin компаниясының кеңесшісі болды”, – деді Айгүл Байбек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар