Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының су жаңа президенті болып тағайындалды, деп жазады Alash.KZ.
2023 жылдан бастап федерация президенті лауазымын атқарған Мұқатаев Айдос Зиядұлының қызметтен кетуіне байланысты, 2025 жылдың 28 тамызынан бастап Сәрсенғалиев Нартай Аралбайұлы тағайындалды.
«Сіздің бұл мәртебелі қызметке келуіңіз – еліміздегі спорт саласының жүйелі дамуына, халықаралық стандарттарға сай ілгерілеуіне тың серпін беретініне нық сенім білдіреміз», - делінген федерацияның ресми парақшасында.