Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев туралы шетелдегі құпия құжаттар желіде тарап кетті (ФОТО)

21:26, 27 тамыз 2025 1411

КСРО тарағаннан кейін 30 жыл өткен соң, Британ Ұлттық архивінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты құжаттар қолжетімді болды. Әзірбайжандық тарихшы Джемиль Хасанли олардың үзінділерін жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

1994 жылы Тоқаев Сыртқы істер министрі болып тағайындалғанда, Британ Сыртқы істер министрлігі оның өмірбаянына қатысты арнайы анықтама әзірлеген. Құжатта оның білімі, тілдік қабілеттері, сондай-ақ Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер берілген.

Хасанли атап өткендей, Министрлік Тоқаев туралы өте қызықты анықтамалар дайындап, оны жан-жақты маман деп сипаттаған. Британдықтардың болжамдары дәл шықты. Бүгінгі таңда Тоқаев посткеңестік елдердің жемқорлық пен авторитарлықтан зардап шегетін көшбасшыларынан айрықша ерекшеленеді.

Құжаттарда сондай-ақ Тоқаевтың АҚШ, Канада, Өзбекстанға белсенді сапарлары, әріптестерімен қарым-қатынас орнатуы және Қытаймен шекаралас аумақта еркін экономикалық аймақтар құруды ұсынғаны жазылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар