Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұрын алып тастаған "өлім жазасына кесу" айыбын Трамп АҚШ-та қайта енгізбекші

11:30, 27 тамыз 2025 295

АҚШ президенті Дональд Трамп қылмыспен күрес аясында ел астанасында адам өлтіргендерге ең қатаң жаза – өлім жазасын қолдануды тағайындайтынын мәлімдеді, деп Alash.kz ұлттық порталы Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Егер біреу ел астанасы – Вашингтонда біреуді өлтірсе, біз өлім жазасына кесеміз", – деді ол Ақ үйдегі жиында сөйлеген сөзінде.

Қазіргі уақытта Колумбия округінде прокурорлар ең ауыр жаза ретінде тек өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап ете алады. Белгілі бір жағдайларда істер федералдық сотқа беріледі. Ол кезде федералдық заңға сәйкес айыпталушыға өлім жазасы тағайындалуы мүмкін.

Айта кетейік, Колумбия округінде және АҚШ-тың жиырмадан астам штатында өлім жазасы жойылған. Бұған қоса, бірқатар зерттеулерге сәйкес, өлім жазасын қолдану қылмыстың алдын алады дегенге нақты дәлел жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар