Әнші Мөлдір Әуелбекова жол бойында баяу жүретін көлік жүргізушілері жайлы мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Құрметті жүргізушілер! Сол жақ жолаққа шығып алып 40/50 жылдамдықпен жүруді қойыңыздаршы! Ол үшін оң жолақ бар! Сіз жайбарақат, жайылып жүргенде, ел асығыс: жұмысқа, ауруханаға, әуежайға кешігіп жатуы мүмкін! Оң жаққа шық та, керек десең 20-мен жүр! Бірақ сол жолақты босатшы, өтініш! Эгоист болмайық! Жол бәріне ортақ!», - деп жазды әнші.