Әнші Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева мен жаңа түскен келіні Әдия тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Сұхбат барысында Динара Майғазиева ұлы мен келініне енші беру мәселесіне тоқталды.
«Бұл жайлы әкесі екеуміз талай рет сөйлестік. Балаларымыз оқимыз, дамимыз десе, Америкаға да жіберуге дайынбыз. Өз қалауларына қалдырдық. Бірақ түптің түбінде бізбен бірге тұрады, қартайғанда бізді қарайды», – деді Динара Майғазиева.
Ал Әділеттің жары Әдия ата-енесінен бөлек тұрғысы келмейтінін айтты.
«Ата-енеммен бірге тұрғым келеді. Бізде бұрын үйде адам аз болатын, сондықтан тыныштық ұнамайтын. Ал мұнда көп адаммен бірге дастархан басында отыру, әңгімелесу, шай ішу маған ұнайды. Ешқайда кеткім келмейді», – деді Әдия.