Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкент әкімдігінде ауыс-түйіс: Қала әкімінің орынбасарлары тағайындалды

21:00, 25 тамыз 2025 198

Бүгін Шымкент әкімдігінде ауыс-түйіс болды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Айдын Кәрімов тағайындалды. Ол бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

Сондай-ақ әкімнің тағы бір орынбасары болып Арман Сәбитов тағайындалды. Ол бұған дейін Түркістан облысы, Сайрам ауданының әкімі қызмет атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін ақпарат кеңістігінде Руслан Берденовтің қызметтен кететіні жайлы ақпарат тараған еді. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар