Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен жұбайы, продюсер Баян Алагөзова қыздары Алма мен Алисаның тұсаукесер тойын ұлттық салт-дәстүрімізге сай дүркіретіп атап өтті. Этно стильде өткен ерекше тойдан кейін ерлі-зайыптылар қонақтарға ризашылықтарын білдіріп, қуанышты жаңалықтарын бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Әнші Мәдина Сәдуақасова өзінің Instagram парақшасында: «Келер жылы Баян мен Тұрсын үйленеді», – деп жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады.
Өз кезегінде Баян Алагөзова келесі жылы жолдасымен бас қосқанына 10 жыл толатынын жеткізді.
«Мен тұрмысқа шыққым келеді. Тұрсын әлі маған адамша үйленген жоқ. Қыз жолдастармен бірге билеп, нағыз той жасағым келеді», – деді продюсер.