Әнші Заттыбек Көпбосынұлының әкесі өмірден өтті, деп жазады Alash.kz.
Қайғылы хабарды өнер иесі өзінің Instagram парақшасында жариялады.
"Қош бол, әке! Анашыма сәлем айта барыңыз. Бізде бәрі жақсы де. Ең үлкеніміз 63-тен асты де! Ең кішкентай шөберең енді бірден асты де. Шүкір де! Біз өсірген ұл-қыздар бәрі бүгін өсті де.. Ақымыз болса, кешіңіз, әкешім!" – деп жазды әнші.
Заттыбек Көпбосынұлының өнердегі әріптестері мен оқырмандары оған көңіл айтып, қайғысына ортақтасып жатыр.