Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл! Жойқын жер сілкінісі болды! Ел тұрғындары жер дүмпуін сезді

09:02, 27 тамыз 2025 1080

Каспий теңізі маңында жер сілкінісі тіркеліп, Маңғыстау облысының Ақтау қаласында тұрғындар жер дүмпулерін сезген, деп жазады Alash.kz.

Ведомство мәліметінше, 27 тамыз күні сағат 01:33-те "ННЦСНИ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.

Зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 2321 шақырым жерде, Ресей аумағында орналасқан.

  • Координаттары: 42.925º с.е., 48.765º ш.б.
  • Тереңдігі: 15 км
  • Магнитудасы: MPV 5,2
  • Қарқындылығы: Маңғыстау облысы, Ақтаудан 209 км қашықтықта – 2 балл.

Қаза тапқандар мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Қазіргі жағдай тұрақты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар