АҚШ президенті Дональд Трамп министрлер кабинеті мүшелерімен кездесуде Ресейге қарсы "экономикалық соғыс" жариялау керек екенін айтты, деп Alash.kz ұлттық порталы Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Егер Ресей Украинаға қарсы соғысын тоқтатпаса, Трамп нақты іс-шара қолданатынын жеткізді.
"Бұл жаһандық соғыс болмайды, экономикалық соғыс болады, ал экономикалық соғыс – Ресей үшін өте ауыр. Мен дәл бұлай болғанын қаламаймын, бірақ ол осы жолға өзі итермелеп тұр", – деді Трамп.
АҚШ президенті мұндай қадамға баруға дайын екенін айтты және соғыста мыңдаған адамдар өмірін жоғалтатынын тағы бір рет еске салды.
Айта кетейік, Трамп 15 тамызда Аляскада Путинмен кездесті. Сол кездесу соңында ол Зеленский мен Путиннің жеке кездесуі болатынын хабарлағанымен, арада бір жарым апта өтсе де, бұл кездесу әлі ұйымдастырылмады.