Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Балаңды атып келдім! Қызыңды тауып бер!” - Талғардағы оққа ұшқан жігіттің отбасы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

15:50, 07 қыркүйек 2025 2142

Талғарда орын алған сұмдық оқиға туралы жәбірленуші жігіттің анасы мен жары баяндап берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Сүйікті қызынан оң жауап ала алмай, ағасын атып кеткен ер адамның өрескел ісін зерттеу үшін Талғардағы жаназаға арнайы барған журналист Руслан Өтепбай желіде жәбірленушінің отбасымен сұхбат жариялады.

Қайғыдан қан жұтқан жанұя үйлеріне баса көктеп келген топ жігіттің қауіпті қаруланғанын, бұл істері туралы бөгде біреуге айтса, өздерін де өлтіретінін айтқан.

“Тасыр-тұсыр болып, үш баламен келді. Біреуінің қолында пышақ, Еламан деген жігіттің қолында автомат болды”, - дейді марқұмның жары.

“Екеуінде пышақ. Автоматты маған кезеп тұрды. “Қызыңды тауып бер” деп”, - жылады қара жамылған ана.


Келген жігіттердің жүздерін танымаған әйелдер отбасындағы қазаны күдіктілердің өз ауыздарынан естігенін айтты. 

“Балаңды атып келдім” деді”, - дейді марқұмның анасы

Дүкен жанында болған оқиғаны отбасына артынша көрші әйел жеткізген. Ести сала, жан ұшыра жеткен келіншек күйеуіне екі жерден оқ тигенін анық байқаған.
 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар