Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тіліне сегіз тігіс салынды": Талғарда ұрланған қызға дәрігерлер күрделі ота жасады

12:37, 07 қыркүйек 2025 449

Алматы облысы Талғар қаласында орын алған қайғылы жағдайға байланысты жаңа деректер белгілі болды. Бұған дейін белгісіз ер адам жергілікті тұрғынды атып өлтіріп, екі жасар қызды алып қашқаны хабарланған еді, деп жазады Alash.kz.

Адвокат Гаухар Сариева әлеуметтік желідегі парақшасында бүлдіршіннің қазіргі жағдайы жайлы мәлімет берді. Оның сөзінше, балаға жедел ота жасалып, тіліне сегіз тігіс салынған.

"Қылмыскер кішкентай қызды көлікке отырғызып, бірге аударылып түсті. Сол сәтте бүлдіршін жарақаттанып, тіліне тігіс салынды. Қылмыскер баланы ұрған жоқ. Оның тірі қалғанына шүкір", – деді адвокат.

Сариеваның айтуынша, қылмыс болған кезде баланың анасы үйде болмаған.

"Ол онкологиялық науқас көршісіне дәрі қойып жатқан. Дәл осы сәтте қылмыскер келіп, оны және қызын іздеген. Егер үйде болғанда, жағдай мүлдем басқаша өрбуі мүмкін еді", – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар