"Қайрат" ФК академиясының тәрбиешісі қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.KZ.
Надежда Васильевна Караблина өмірінің 61 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қайғылы хабар туралы кәсіпкер Қайрат Боранбаев хабарлады.
фото: Надежда Васильевна Караблина
Ол Караблинаның клубта соңғы 10 жыл жұмыс істегенін және жас футболшыларды тәрбиелеу мен дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті.
"Қайрат" ФК Надежда Васильевнаның отбасына, достарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтты.