Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда автобус самокат мінген жасөспірімдерді қағып кетті (ВИДЕО)

14:15, 05 қыркүйек 2025 165

Алматыда 3 қыркүйек күні орын алған жол апаты әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Тараған бейнежазбада автобус екі қыз мінген электросамокатты қағып кеткен сәт анық көрінеді. Оқиға салдарынан   17 жасар екі жасөспірім жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Бұл оқиға мегаполисте соңғы кездері жиілеп кеткен пікірталасты қайта өршітті. Қала тұрғындары самокат жүргізушілерінің тәртібіне жиі наразылық білдіреді. Олар тротуарда қатты жылдамдықпен жүріп, жаяу жүргіншілерге қауіп төндіреді, қорғаныс құралдарын кимей, ережені сақтамайтын жағдайлар жиі кездеседі.

Сарапшылардың айтуынша, қаладағы көлік қозғалысының ауырлауы мен тұрақты кептелістер тұрғындарды балама көлікке көшуге итермелеген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар